Жаңалықтар

"Жеті қыз кастетпен ұрған": Жамбыл облыстық ПД тағы да мәлімдеме жасады

"Жеті қыз кастетпен ұрған": Жамбыл облыстық ПД тағы да мәлімдеме жасады

Жамбыл облыстық ПД соққыға жығылған оқушы қызға қатысты мәлімдеме жасады. Полиция департаменті тергеу әрекеттері барысында әлеуметтік желілерде тараған кәмелетке толмағандардың кастет суық қаруын қолданғаны туралы ақпараттың расталмағанын хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ПД мәліметіне сай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айта кету керек, төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Бұған дейін кәмелетке толмағандардың ата-аналары бала тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын жазған едік.

Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеттері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралған. Оның қорытындысы бойынша жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

"Жамбыл облысы полиция департаменті тергеу әрекеттері барысында әлеуметтік желілерде тараған кәмелетке толмағандардың кастет суық қаруын қолданғаны туралы ақпараттың расталмағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта жәбірленуші үйінде амбулаториялық ем қабылдауда. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Барлық жаңалық