Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында жаңа Конституция жобасы ұсынылды. Құжатты Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Жаңа Конституция 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Жоба әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде қазақстандықтардан түскен ұсыныстар мен комиссия мүшелерінің пікірлері ескерілген.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституцияның кіріспе бөлігі – преамбула толықтай жаңартылған. Онда елдің өткенін бейнелейтін және қазіргі мен болашаққа бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапқан.
Жаңа Конституция жобасы алдағы уақытта кеңінен талқылауға ұсынылады.