Республика күніне орай «Жаңа адамдар» қозғалысы Özim атты қыздар тобының алғашқы клипін таныстырды деп хабарлайды Ozgeris.info. «Ban» деп аталатын трек заманауи Қазақстандағы әйелдердің рөлі мен еркіндігін бейнелейді.
Клиптің басты идеясы әйелдің қауіпсіздігі мен абыройы тек мәдени тұрғыда емес, заң жүзінде де қорғалуы тиіс деген ой. Әнде электронды әуен, этникалық элементтер мен рэп үйлесіп, қазіргі қазақстандық әйелдің өзіне сенімді және дербес бейнесін көрсетеді.
Соңғы жылдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды. Олардың қатарында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, сталкингке және неке қиюға мәжбүрлеуге қарсы нормалар бар. Бұл реформалар қоғамдағы әділдік пен жауапкершілік мәдениетінің қалыптасуына жол ашты.
«Ban әйелдің қорғалуына, естілуіне және құрметке ие болуына арналған ән. Біз заңдары қоғамның сұранысын бейнелейтін елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз», — дейді Özim тобының мүшелері.
«Бүгінгі таңда қазақстандық әйел өз қауіпсіздігінің заңмен қорғалғанын сезіне алады. Бірақ ең бастысы қоғамда сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін орнату. Біз осыны “Ban” клипі арқылы жеткізгіміз келді», — деді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Адалят Рахидинова.