Қоғам

10-15 жылда қазақтілді, орыстілді тарап бір-бірімен қақтығысады - актер

10-15 жылда қазақтілді, орыстілді тарап бір-бірімен қақтығысады - актер

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Азамат Сатыбалды елдегі тілдік ахуалға қатысты алаңдаушылық білдіріп, қазіргі үрдістер өзгермесе, алдағы 10-15 жылда қоғам ішінде қауіпті шиеленістер туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір еліміздің біраз өңірінде мүлде орысша білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Мұны өз көзіммен көрдім. Дәл сол сияқты, қазақша білмейтін өңірлер де бар. Оны да көрдім,  деді Азамат Сатыбалды.

Актердің пікірінше, осы екі түрлі тілдік орта бір-бірімен бетпе-бет келгенде, қақтығысқа алып келуі мүмкін.

Алдағы 10-15 жылдың ішінде осы екі тарап қақтығысуы мүмкін. Қазіргі ұстаным соған апара жатыр,  деп ескертті ол.

Азамат Сатыбалды мұның этникалық қақтығыс емес, бір ұлттың ішіндегі тілдік текетірес болатынын атап өтті. Ол бұл жағдайды екі тілде сөйлейтін бір ұлттың бір-біріне қарсы тұруы деп бағалайды.

Бұл ұлттар қақтығысы емес, екі тілде сөйлейтін бір ұлттың керісуі болады,  деді актер.

Барлық жаңалық