Поэзия
Есенқұл Жақыпбек. Өлеңдер топтамасы
Есенқұл Жақыпбек - (10.02.1954 Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылы - 14.11.2013) — ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1995).
ЖІГІТІМ БАР...
Ессіз ғашық халімді көре тұрып,
«Жігітім бар!» – деуші едің, өп-өтірік.
Азаптағың келетін мені әйтеуір,
Сүйгеніме шынымен сене тұрып,
Көнбей маған кетуші ең, көне тұрып.
Гүлнәр, Баршын, Гүлсімің, Күмісің бар,
Бәрі соның деуші еді: «жігітім бар».
Менің бала кезімнің арулары-ай,
Сендер бәрің шынымен ұлысыңдар.
«Жігітім бар» – дегенің сылтау еді,
Барлық ұлдар ол кезде мылқау еді.
«Жігітім бар» – дегенің жігіттердің
Сезімі мен намысын шыңдау еді,
Соны, бірақ түсінген кім бар еді?
Жігіт те емес, бала едік сары ауызды,
Бүгін жігіт болдық қой, ор ауызды.
Сонша неге ұнаттық екен, Құдай,
Көзі ғана әдемі қара қызды?!
Қасып қойып тәтті бір жарамызды,
Қыздар жүрді-ау, қыздырып арамызды.
«Жігіті бар» сол қыздар жігіт іздеп,
Кезіп кетті кейіннен әр ауылды.
Ол жылдардың қыздары керемет ең,
Елемейтін сен өзің бөгемесең.
«Жігітім бар» дегені байғұстардың,
«Жігітім бол сен менің» дегені екен.
Сезіміме сен менің сене тұрып,
«Жігітім бар» – деуші едің, сәл өкініп.
Жігітің сол, білмеппін, мен екем ғой,
Неткен шындық едің сол, сол өтірік.
ӘЙЕЛІММЕН ӘҢГІМЕ
Жайлап алып жаны жылы пеш түбін,
Шүңкілдесіп отырамыз кешқұрым.
Демеу болар ағайын көп десек те,
Сенен басқа жоқ екен-ау, ешкімім.
Белің сынып кететіндей күтірлеп,
Барған сайын бара жатсың бүкір боп.
Менің тақыр тауқыметім тұрғанда,
Саған осы өле-өлгенше күтім жоқ.
Барлық жүгін әйелдің де, жігіттің,
Саған ғана артып қойып жүріппін.
Мен түзелер деген, сірә, үміт қой,
Көздеріңнен жылтыраған бір ұшқын.
Е, бәйбіше, сенде не жоқ, бәрі бар,
Сынған шәйнек, тозған диван табылар.
Жеті ай қыста жем жемеген сиырың,
Шытыр көкке тойып өлді, жануар.
Күн көрерміз бұзаусыз да, сиырсыз.
Өзі де бір өлгір еді, сиымсыз.
Бейбіт қайның былтыр берген тананы,
Бұзауымен қайтарар-ау, биыл күз.
Е, бәйбіше-ау, сіздің көңіл биікте,
Біздің көңіл қырда жүрген киікте.
Қоразы жоқ қотыр тауық болмаса,
Басқа малға емшегіңді иітпе.
Маздап жатыр, қозғап қойшы пеш түбін,
Менен басқа сенің де жоқ ешкімің.
Мен бар кезде сенің де жоқ еш мұңың,
Біздің күйеу «әйгілі ақын» – екен деп,
«Айқым біткен шулап жүр» – деп естідім.
Түбі менің түсініксіз байлығым,
Тұқымындай көбейеді ешкінің.
Бұлың-бұлың бұлдыр бұлттар ішінде,
Өрге тартып бара жатыр көш жырым.
Бұл өмірде сен бар-ау, деп білмеген,
Қателігім болса егер де кеш, күнім!
Келші, жарым
Шүңкілдесіп отырайық кешқұрым.
ӨЗІҢДІ АҢСАП
(әні Ж.Омаровтікі)
Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз,
Аңсаумен өткен өмірге мынау нетерміз,
Көрсем деп, шіркін, іздеген мәңгі бір-бірін,
Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз.
Қайырмасы:
Жаным-ау, менің жағама таққан тұмарсың,
Жалғанда жалғыз жабығып жүрген шығарсың.
Ұнарсың талай бір көрген жанға, ұнарсың,
Өмірде бірақ, өзіме ғана сыңарсың.
Көркемім сені көрсем де жақсы өзгеден,
Қиналдым соны айта алмай саған сөзбенен.
Сен туған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты,
Өзіңді күнде жүретін көріп көзбенен.
ТҰМАНДЫ КҮН
Көтерілсе көк тұманның желкені,
Бұлың-бұлың бұлт басады өлкені.
Бұлың-бұлың бұлт басса да еңсені,
Бұрынғыдан жақсы көрем мен сені.
Қайырмасы:
Тұман, тұман, тұмандай,
Тұмшалаған жүрегімді күмәндай.
Сен де адасып жүр ме екенсің өмірде,
Қалың тұман арасынан шыға алмай?
Тұман, тұман, тұманды күн жылайды,
Мұнар-мұнар жер мен аспан мұңайды.
Жаным сені аңсап-аңсап кеткенде,
Маған да осы тұманды күн ұнайды.
ҚҰСТАР ӘНІ
(Әні бар)
Күз келгенде балапанға бас қайғы,
Күзгі аспанда құстарды ата бастайды
Қауырсынды жарып өткен жарықшық,
Қабырғаңның арасында қақсайды.
Құс қайтты деп қамданады аңшылар,
Қанаттының қызыл қаны тамшылар.
Алатаудан аман-есен асқанмен
Қаратауда қара мылтық бар шығар.
Қарашаның суық желі қаңғыртып,
Құтты ұядан қуалайды қар бүркіп.
Қанаттылар жылда-жылда айтады
Қаратаудың «Елім-айын» жаңғыртып.
Құс ататын маусым. Құсқа күз қайғы,
Осы өлеңді айтып тұрмын біз жәйлі.
Қаңғып тиген қаңқу сөздер менің де
Қабырғамның арасында сыздайды.
БАЯҒЫДА...
(саған арнадым)
Сенің ауыр білегіңе тұншығып,
Ұмыт болып қызмет, бедел, тіршілік,
Жатушы едік, кеткенше әбден күн шығып.
Сосын бізге бар дүние қырсығып,
Бастығымыз галстукке қылғынып,
Біз кешірім сұраушы едік, қымсынып.
Сол жылдары сенен қатты шаршадым
Сол шаршауды енді қайта аңсадым.
Сөгіс, сөгіс, сөгіс, сөгіс, көп сөгіс,
Қатаң сөгіс, содан кейін теңселе іш.
Өсек, ғайбат, ұрыс, керіс жан-жағы
Біздің өмір ерлік екен сондағы,
Енді соны еске алудан қорқамын.
Дәурен сүрдік, құштық, сүйдік армансыз,
Соның бәрі сезім еді-ау, жалғансыз.
Енді екеуміз екі бөлек тас қамал,
Тас қамалда бала-шаға, басқа бар,
Ал, махаббат мәңгі бақи қорғансыз.
Бәрі жақсы, бүгін тура жолдамын,
Орындалды талай мақсат, арманым.
Жерде тұрып, көк аспанға қол созсам,
Ай мен күнге жететіндей қолдарым.
Қаншама жыл менің сорым сен болып,
Сапарымнан қалдым қанша қор болып.
Қатарымнан ауыр тиді қалғаным,
Ал, бүгінде мен бір тура жолдамын.
Кілең жайсаң, кілең дүрлер-қорғаным,
Емеспін құр қатардағы жәй адам.
...Бірақ, сұмдық жоқтап ылғи оянам,
Сенің ауыр білегіңнің салмағын.
-
Қайрат Боранбаевтың інісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
17:21, 21 маусым 2025
-
Балқаш көлінде төрт жасар қызды толқын 200 метрге алып кетті
15:05, 21 маусым 2025
-
Қазақстандық креатившілер салық кодексіндегі өзгерістерге қарсы шығып, билікке жүгінді
13:55, 21 маусым 2025
-
Kaspi-дегі ең қымбат кітаптар қандай?
17:24, 20 маусым 2025
-
Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
17:05, 20 маусым 2025
-
1 шілдеден бастап Қазақстанда не қымбаттайды?
16:06, 20 маусым 2025
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті
14:43, 20 маусым 2025
-
-
Шетелдік спортшыларға енді ақша жоқ
12:01, 20 маусым 2025
-
Балқаш көлінде төрт жасар қызды толқын 200 метрге алып кетті
15:05, 21 маусым 2025
-
Қайрат Боранбаевтың інісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
17:21, 21 маусым 2025
-
Қазақстандық креатившілер салық кодексіндегі өзгерістерге қарсы шығып, билікке жүгінді
13:55, 21 маусым 2025
-
«Қатын ұратынын біле ме»: Бұрынғы әйелін сабаған әнші Ғабит екінші рет үйленбек (ВИДЕО)
09:49, 16 маусым 2025
-
"32 мыңға 8 рет виски алдырды": Төрғали Төреәлінің әрекеті желіде талқыға түсті
14:46, 16 маусым 2025
-
«Маған өлердей ғашықсыз»: Мақпал Жүнісова Ермахан Ибрайымды ыңғайсыз жағдайға қалдырды
07:21, 16 маусым 2025
-
-
-
-
"Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр". Мөлдір Мұқанова оқырмандарына жауап берді
10:11, 19 маусым 2025
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
-
"Өксік тығылды": Жұлдыз Әбдікәрімова мектеп бітіру кешіне Қайраттың келмегенін айтты
11:22, 16 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025