Шоу-бизнес

«Ерекше көзқарасы бар»: Роза Әлқожа кенже қызы туралы

«Ерекше көзқарасы бар»: Роза Әлқожа кенже қызы туралы

Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызының 11 жасқа толуына орай жүрекжарды жазба жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі қызының ерекше қабілеттері мен мінезі туралы айтып, оның сезімтал, еңбекқор әрі алғыр екенін атап өтті.

«Бүгін біздің үйдің ең кенжесі, ең ақылдысы, данасы, ханшайымы 11 жасқа толды. Туғаннан өзі ерекше көзқарасы бар осы қыз екі-үш жасында өз колготкиін өзі киетін. Өте сезімтал, еңбекқор, алғыр. Тамақты да, тәтті-пәттіні де пісіре береді. Жан-жақты, эрудит. Психологиядан да хабары бар, ерте жетіліп жатқан бала. Тек Алла ғұмырын ұзақ етсін!» – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол қызының кіндік анасы белгілі дәрігер Райхан Сәмединқызы екенін, ал бесікке салған жандар қатарында профессор Салтанат Айбергенова мен ақын Айнұр Тұрсынбаева бар екенін атап өтті. Ал тұсауын өнер жұлдызы Жұлдызай кескенін жеткізді.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы лебіз білдіріп, бүлдіршінге ақ тілектерін жаудырды.

Барлық жаңалық