Шоу-бизнес

"Енеммен араласып тұрамын": Мөлдір Мұқанова қандай келін болғанын айтты (ВИДЕО)

"Енеммен араласып тұрамын": Мөлдір Мұқанова қандай келін болғанын айтты (ВИДЕО)

Әншілікке бет бұрып жүрген Мөлдір Мұқанова енесімен арадағы байланысы қандай екенін айтты, деп хабарлайды

Айтуынша, ол әлі күнге дейін енесімен жылы қарым-қатынасты сақтап қала алған. 

"Келін болып түскен күннен бастап өз өзіме сөз берген едім. Ене мен келіннің арасында болатын келеңсіз дүние менде болмайды дедім. Сондай таза пейіл, таза көңілмен ақ босағаны аттадым. Енемді өз анамдай көремін дедім. Әлі күнге дейін қарым-қатынасымыз жақсы, ешқандай арамызда түсініспеушілік болған емес", - деді ол. 

Сонымен қатар, Мөлдір Мұқанова енесімен бірге тұрмағанын айтады. Тұрсынбек екеуі қалада тұрғандықтан енесі қара шаңырақта кенже баланың қолында қалған. 

Желі қолданушылары Мөлдірдің ақылдылығын жарыса жазып, оны мақтай жөнелді. 

Барлық жаңалық