💰 Экономика

Енді пойызда WhatsApp-қа кіре аласыз

Енді пойызда WhatsApp-қа кіре аласыз

Қазақстанда жолаушылар пойыздарына ғаламдық интернет жүйесі Starlink қосылуы мүмкін. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады Ozgeris.info.

Оның айтуынша, ең алдымен аталған қызмет «Тальго» пойыздарының барлық 25 құрамына орнатылады. Қазіргі уақытта интернет сынақтан өтіп жатыр.

«Starlink интернеті пойыздарда сынақтан өткізілуде. Егер нәтиже оң болса, жоба ауқымы кеңейеді. Байланыс сапасы жақсы, бірақ еліміздің аумағы кең болғандықтан әр өңірде қалай жұмыс істейтінін тексеріп көру қажет», деді Ахметжанов.

Жоспар бойынша, WhatsApp мессенджері жолаушыларға тегін пакет ретінде ұсынылады. Ал бейнемазмұн мен басқа да ауқымды қызметтерге қосымша ақы төленеді.

ҚТЖ өкілінің айтуынша, интернетке арналған тарифтер көлем бойынша немесе уақытқа қарай бөлінуі мүмкін. Қазан айынан бастап технология «Ақтөбе–Алматы» және «Қызылорда–Семей» бағыттарында сынақтан өтпек.

Қазірдің өзінде Burabay Express пойызында Starlink желісі жұмыс істеп тұр. Оны жолаушылар белсенді пайдаланып жатыр.

Барлық жаңалық