Спорт

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің келесі кезеңіне өтті

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australia Open турнирінің екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған қазақстандық теннисшінің қарсыласы – 77-ші ракетка франциялық Варвара Грачева.

Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойын 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның бірінші ракеткасы бес эйс орындады, қос қате жіберген жоқ және жеті брейк-поинттың бесеуін тиімді пайдаланды.

Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 54-орында тұрған чех теннисшісі Тереза Валентовамен ойнайды.

Барлық жаңалық