Dodo Pizza және Drinkit брендтерінің иесі Dodo Brands холдингі Қазақстанға ресми түрде тіркеліп, Халықаралық қаржы орталығы – «Астана» (МФЦА) аумағында редомициляция үдерісінаяқтады, деп жазады Ozgeris.info.
Енді компания қазақстандық бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) алды. Бұған дейін холдингтің құқықтық мекенжайы Британдық Виргин аралдарында орналасқан болатын.
Бұл – МФЦА юрисдикциясына өткен үшінші ірі бизнес. Бұған дейін Fix Price және бұрынғы Polymetal, қазіргі Solidcore компаниялары да өз тіркеуін Қазақстанға ауыстырған болатын.
Dodo Pizza бренді 2011 жылы кәсіпкер Фёдор Овчинниковтың бастамасымен құрылған. Бүгінде компания өнімдері әлемнің бірнеше елінде, соның ішінде Қазақстанда да белсенді жұмыс істейді.
Редомициляция – компанияның заңды тіркелу елін өзгертіп, жаңа юрисдикцияда жұмыс істеуі. Dodo Brands бұл қадам арқылы Қазақстанның бизнес ортасын таңдағанын, сонымен қатар АХҚО алаңындағы халықаралық ережелер мен салықтық артықшылықтарды пайдалануға ниетті екенін көрсетіп отыр.