Қоғам

"Наркенже, екіжүзділікті қойыңыз": Танымал сынықшы дәстүрлі әншінің сатқындығын айтты (ВИДЕО)

"Наркенже, екіжүзділікті қойыңыз": Танымал сынықшы дәстүрлі әншінің сатқындығын айтты (ВИДЕО)

Танымал емші, сынықшы Бағдагүл Лепесова әнші Наркенже Серікбаеваға шүйлікті, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Бағдагүл ханымның ашуына тигені – Наркенже Серікбаеваның филармония басшысын ауыр айыптағанымен, артынша екі тараптың "келістік" деп бейнежазба таратуы.

"Бүлік шығарып алып халықтың артына тығыласыздар. Шығардыңыздар ма, аяғына дейін баруыңыз керек. Табақбет жігіт барлық қыздың арын қорлайды дедіңіз. Енді келістік дейсіз. Етегің толып еңіреп шу шығардың. Егер біреуге ауыр айып тағылса, ол рас болса - заң алдында жауап беруі тиіс. Жарты жолда «келістік» деген не сөз? Қыздардың ар-намысына тиді ме - жауап берсін. Қалай келістіңіз? Ақша алдыңыз ба? Не болды? Неге тыныш халықтың мазасын аласыздар? Наркенже, сіз осы екіжүзділікті қойыңыз. Мен сізді ұнатпаймын. Кезінде емделіп бала көтергеннен кейін Айнұр Тұрсынбаева мен Гүлзираға мені сатып кеткенсің. Екіжүзді әйелдерді көп жақсы көре бермеймін. Намысы бар қызсың ғой, неге соңына жеткізбедің?", – деп қатаң пікір білдірді ол".

Барлық жаңалық