Шоу-бизнес

"Тұрсынбек көз жасыңа тұрмайды": Мөлдір Мұқанова ішіндегісін ақтарып, жылап қалды (ВИДЕО)

"Тұрсынбек көз жасыңа тұрмайды": Мөлдір Мұқанова ішіндегісін ақтарып, жылап қалды (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасындағы қиындықтармен бөлісті. Өнер иесі ел алдында көз жасына ерік берді, деп хабарлайды ozgeris.info.  

Мөлдір Мұқанованың еңіреп жылап отырған видеосы желіде тарап кетті. Онда әлдекімнің оны жұбатып, өмірде бәрі болатынын анық естуге болады.

«Мынадай сөз бар ғой жаным-ау, «всем на зло» деген. Әлі жарқырайсың көр де тұр. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жылама, жыламашы, мені де жылатасың қазір. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама», — деп айтады кадр сыртындағы адам.

"Қанша жыл бірге тұрып, ыстық-суығын бірге өткізіп, жеттім дегенде басқа әйел алып кету...", "Киносы үшін жасалған пиар", "Мөлдір, сен сұлусың ол көз жасыңа түрмайды", деп жазды желі қолданушылары. 

Барлық жаңалық