Әнші Досымжан Таңатаров жол апатына түскенін айтты. Сапар барысында көліктің дөңгелегі ұшып кеткен, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Алла сақтап қалды, жолда байқап жүріңіздер, дөңгелек болтын жиі тексеріп жүріңіздер. Жаңарқалық Қуаныш, Абзал інілеріме Алла разы болсын, тез жөндеп жолға салып жіберді», — деді Досымжан Таңатаров.