Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат берген әнші Бауыржан Исаев сахнада жүргеніне 30 жыл болса да, ешбір атағы жоқтығын айтты. Ол атақ пен марапатқа мұқтаж еместігін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші өзінің отбасы жайлы да айтты.
"Төрт балам бар: үш қыз, бір ұл. Соңғысы – ұл, 3 жастан асты. Үлкенім мектеп бітірді, университетке түседі. 4 баламның ішінде бір-ақ қызым өнерге жақын. Фортепианоға қатысады. Жақын арада шешім қабылдауың керек дедім. Негізі мен отбасыммен уақыт өткізгенді жақсы көремін. Әлеуметтік желіде отырмаймын, жүргізбеймін. TikTik пен Instagram-ға кіріп кетсең, минут емес, сағаттап уақыт өтеді. Алтын уақытты бала-шағама, отбасыма арнағанды жақсы көремін. Кейбіреуі өзінің мобилографымен жүреді. Білмеймін, ондай нәрсені түсінбеймін", - деді Бауыржан Исаев.