Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға қатысты әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүріп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты bairaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Белгілі әншінің соңғы отасынан кейінгі бейнесі көпшіліктің назарын аударды.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір бөлігі Рымбаеваның жасына қарамай, өзін күтініп, сымбатты көрінуге тырысқанын қолдаса, енді бір тобы оның табиғи сұлулығына жасалған өзгерістерді құптамады.
“Алдыңғыдай әдемі емес”, “Ботокстан бетін тани алмай қалдық”, “Жасанды әсер беріп тұр”, “Өмір бойы сүйікті әншіміз болып келген соң мұндай түріне үйрену қиын” деген сынды пікірлер жазылды. Ал қолдаушылар жағы: “Әркім өз қалауынша өмір сүреді”, “Өнер иесінің сахна үшін жас көрінуге талпынуы заңды құбылыс” деп жазып, өнерпазды жақтады.