Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың қарым-қатынасына қатысты қызу талқылау толастар емес. Желі қолданушылары олардың ажырасқаны жайлы түрлі пікір білдіріп, әртүрлі әңгімелер жазуда, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Күні кеше Мөлдір Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасын бөлісіп, жұртшылық назарын өзіне аударды. Ол:
«Айналамдагылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық – ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау – нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп», – деп жазды.