Шоу-бизнес

"Отадан қаштым": Жұлдыз Әбдікәрімова босану кезінде қауіп болғанын айтты

"Отадан қаштым": Жұлдыз Әбдікәрімова босану кезінде қауіп болғанын айтты

Жақында ғана бесінші перзентін өмірге әкелген актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терім де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым.

Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын», – деді актриса.

Сондай-ақ, ол босану процесі қалай өткенін айтып, оқырмандарымен бөлісіп қойды.

"Аллаға сансыз Шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды", деп жазды ол.

Барлық жаңалық