Қоғам

Айдын Рахимбаев 150 қызметкеріне ақылды сақина сыйлады

Айдын Рахимбаев 150 қызметкеріне ақылды сақина сыйлады

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахимбаев 150 жетекші қызметкеріне Oura атты смарт-сақина сыйға тартты. Құны 400 доллар тұратын бұл құрылғы адам денсаулығын, ұйқыны, күйзеліске төзімділікті бақылап отырады, деп жазады Ozgeris.info.

Кәсіпкердің өзі бұл сақинаны кейінгі жылдардағы «ең құнды зат» деп атады.

«Елестетіп көріңізші, кішкентай ғана сақина кей ауруларды адам өзі сезбей тұрып анықтап береді. Күн сайын кеңес айтып, тәртіпке үйретіп, өз-өзіңмен жұмыс істеуге итермелейді», деп жазды ол Facebook парақшасында.

Oura – фин ғалымдары ойлап тапқан гаджет. Ол жүрек соғысы, дене қызуы, ұйқы фазалары, қан құрамындағы оттегі, тіпті адамның биологиялық ырғақтарын да қадағалай алады. Соңғы үлгілерінде күйзеліске төзімділік пен ұйқыдан кейінгі қалпына келу көрсеткіштері де пайда болған.

«Менің басты ұстанымым – жақсарту үшін алдымен өлшеу керек», дейді Айдын Рахимбаев.

Барлық жаңалық