Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы, актер Дархан Мұсаев денсаулығына байланысты кастинг уақытын кейінге шегергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Оның айтуынша, алдағы уақытта Талдықорған мен Семей қалаларында жоспарланған кастингтер уақытша кейінге қалдырылған.
«Құрметті достар! Денсаулығыма байланысты Талдықорған, Семей қалаларында өтетін кастинг уақытын кейінге қалдырдық», – деп жазды актер.
Сонымен қатар ол Алматы қаласында өтетін кастингтің жоспар бойынша жалғасатынын атап өтті. Дархан Мұсаевтың сөзінше, Алматыда кастингке қатысқысы келетіндер үшін іріктеу 6-9 наурыз аралығында өтеді.
«Ал Алматы қаласы бойынша кастингке келем деушілерге 6-сы мен 9-ы наурыз аралығында өтеді. Біз басты рөлдердегі актер мен актрисаны іздеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, мүмкін бұл орын сіздікі болуы мүмкін», – деді ол.