Шоу-бизнес

Дариға Бадықова АҚШ-қа не мақсатпен барғанын ашып айтты

Дариға Бадықова АҚШ-қа не мақсатпен барғанын ашып айтты

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ-қа жұмыс бабымен барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі бұл сапардың өзі үшін ерекше әрі маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, жеткен жетістіктің бәрі – табанды еңбектің нәтижесі.

«Жеңіл көрінгеннің бәрі – еңбектің нәтижесі. АҚШ-қа жұмыспен келу – бақ. Санамда тықылдап тұратын сигнал – ешкімге тәуелді болмай өмір сүру. Мен “әйелмін, маған міндетті” деген сөзді алып тастаған соң, үлкен жолдар ашылды. Күтетін, сұрайтын адам болмаған соң, жолдар ашылды ғой деймін», – деп жазды актриса.

Айта кетейік, желі қолданушылары өнер иесінің бұл жазбасын қолдап, жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Барлық жаңалық