Жаңалықтар

Бұрынғы бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасов қамауға алынды

Бұрынғы бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасов қамауға алынды

Қазақстанда бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қамауға алынды. Ол қазіргі уақытта “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” акционерлік қоғамының басшысы қызметін атқарып келген. Бұл туралы ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілетеме жасап хабарлайды.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оның ұсталғанын растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, тергеу жұмыстары уәкілетті органдар тарапынан жүргізілуде, ал министрлік өз құзыреті шеңберінде тергеуге қажетті қолдауды көрсетіп жатыр.

 

Ақмәди Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған. Ол мемлекеттік қызметте 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді.

 

Сарбасов әр жылдары Әділет министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түрлі құрылымдарында жұмыс істеген. 2017–2019 жылдары еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетін басқарып, Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы болды. 2019–2020 жылдары – еңбек вице-министрі, ал 2020 жылдан 2025 жылдың сәуір айына дейін – бірінші вице-министр лауазымын атқарды.

Барлық жаңалық