Жаңалықтар
Бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
18.03.2022
137
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорда жазды.
Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа берілді.
«Отан» орденімен ақын Нұржан Светқали; І дәрежелі «Барыс» орденімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, ақын Нұрлан Оразалин; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов және басқалар наградталды.
«Парасат» орденімен мәдениет, ғылым және білім қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Олардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Кәрімбек Кұрманәлиев, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Павел Афанасьев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Еділ Жаңбыршин бар.
Спортты дамыту дирекциясы пауэрлифтинг командасының жетекшісі Сергей Цырульников ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
«Құрмет» орденімен саясаттанушы Данияр Әшімбаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Адам құқықтары үшін хартияның атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Ернар Еділбаев, белсенді Орынбасар Сейітов, «Мир Евразии» қорының президенті Эдуард Полетаев, Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майханов, қоғам қайраткері Дәурен Тәліпов, жыршы Арғын Бисенов, Қ.Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұржан Ермағамбетов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Есенай Еспенбетов наградталды. «Құрмет» орденіне жалпы 94 адам ие болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Адырна» қорының президенті Арман Әубәкір, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Константин Музалевский, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Ұларбек Нұрғалым марапатталды. Осы медальмен барлығы 25 адам наградталды. «Шапағат» медаліне 68 волонтер, меценат және басқа да азаматтар ие болды. Олардың қатарында журналист Александра Мыскина, «Үміт-Надежда» мүгедектер ұйымының төрағасы Дүйсенғали Оспанов, «Океан» ПИК жұмыскері Арлан Мүтішев, «Paybox.money» ЖШС департамент директоры Мария Чечина, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағабилов, «Богатырь-Көмір» ЖШС жол машиналарын реттеуші Евгений Шарифуллин, волонтер Айгерім Досқалиева бар.
-
«Бәле болды...»: Ләйлә Сұлтанқызы интим видеоға қатысты үндеу жасады05:00, 18 мамыр 2026
-
«Қазақ тілді қазақтарды жек көреді»: Баян Алагөзова жазушының ауыр сынына үн қатты00:00, 18 мамыр 2026
-
-
Үш ай бұрын іс-түссіз кеткен азаматтың мәйіті елсіз даладан табылды15:36, 17 мамыр 2026
-
Ақтөбеде ақбөкен төлдеріне GPS-құрылғы орнатылып жатыр13:16, 17 мамыр 2026
-
Әлем көшбасшылары Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жолдап жатыр12:15, 17 мамыр 2026
-
-
-
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды07:28, 17 мамыр 2026
-
Мемлекет басшысын тәрбиелеген орта қандай еді?03:00, 17 мамыр 2026
-
-
-
Ақтөбеде ақбөкен төлдеріне GPS-құрылғы орнатылып жатыр13:16, 17 мамыр 2026
-
Әлем көшбасшылары Тоқаевқа туған күніне орай құттықтау жолдап жатыр12:15, 17 мамыр 2026
-
Үш ай бұрын іс-түссіз кеткен азаматтың мәйіті елсіз даладан табылды15:36, 17 мамыр 2026
-
-
«Бәле болды...»: Ләйлә Сұлтанқызы интим видеоға қатысты үндеу жасады05:00, 18 мамыр 2026
-
«Қазақ тілді қазақтарды жек көреді»: Баян Алагөзова жазушының ауыр сынына үн қатты00:00, 18 мамыр 2026
-
Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады07:00, 18 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
"Құдалыққа дайындалып жүрген": Көлік қаққан көкшетаулық әйелдің жақындары зар жылады17:51, 11 мамыр 2026
-
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-
"Денсаулығым сыр беріп...": Роза Рымбаева сахнадан кететінін мәлімдеді (ВИДЕО)15:49, 12 мамыр 2026
-
"Түрмеге жапсаңдар жаба беріңдер!": Бағдагүл емші қос құрбыға жауап берді (ФОТО)15:01, 15 мамыр 2026
-
"Балапан" арнасының продюсері зорлады": Ләйлә Сұлтанқызы пікір білдірді15:09, 12 мамыр 2026
-
-
MMA спортшысы Медет Жээналиев ерлікпен қаза тапты16:28, 15 мамыр 2026
-
-
-
-
"Адам өледі, ажал қалады": Хасанғалиевтің ұлы қайғылы жазба жариялады (ФОТО)14:27, 30 сәуір 2026
-
-
"Іріңдеп кеткен": Гүлзира Айдарбекова қазіргі жағдайынан хабар берді10:02, 29 сәуір 2026
-
-
-
"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-