Іс материалдарына сәйкес, 26 желтоқсаннан 27-сіне қараған түні BXB түнгі клубының жанында туындаған жанжал төбелеске ұласып, салдарынан 18 жастағы Әди Шүкеев ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бозбала миына қан құйылып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Сот Медет Әбдіраш пен Әділхан Аяпбергенді кінәлі деп тапты. Біріншісі тоғыз жылға, ал екіншісі сегіз жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың талап-арызын ішінара қанағаттандырды.
Сотталғандардан 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысы, 1,9 млн теңгеден астам материалдық шығын және өкілдік шығыстар үшін 2 млн теңге өндірілді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қорғаушы тарап сот шешімімен келіспейді және оған шағым түсіре алады.