Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында қаралы хабар айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол Бекжан Әшірбаевтың қазасы туралы жазған.
"Тағы бір жақсыдан айырылып қалдық… Қазақ «жақсының аты өлмейді» дейді ғой. Бекжан Әшірбаев та артында сөзі қалған, әні қалған, елдің есінде жүрер ізі қалған азамат еді. Өнер иесі өмірден өткенмен, елдің жадынан кетпейді.Бекжан ақынымызды Алла рақымына бөлеп, жанын жәннаттан етсін.Артында қалған отбасы мен туған-туысына, барша жақындарына сабыр тілеймін. Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын", деп жазды коуч.