Қоғам

Басы мен кеудесінен атқан: Қостанайда ер адам қызғаныштан экс-әйелін өлтіріп тастады

Басы мен кеудесінен атқан: Қостанайда ер адам қызғаныштан экс-әйелін өлтіріп тастады

Қостанайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты,деп хабарлайды Ozgeris.info.

 Ол өзінің бұрынғы әйелін өз пәтерінде атып өтірген. Пәтерге кіру үшін ер адам өзінің 9 жасар қызын пайдаланған.

Сотталушы орындығында қылмыс жасаған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қауіпсіздік жөніндегі лауазымды атқарған 47 жастағы қаржы полициясының бұрынғы қызметкері отыр.

Ер адам бұрынғы әйелінің пәтеріне кіру үшін ортақ 9 жасар қыздарына тәтті бәліштер сатып алып, код құлыпты ашып беруін өтінген. 

Баланы баспалдақ алаңында қалдырып, өзі пәтерге кіріп, бұрынғы жубайын атып тастаған. Сот материалдарына сәйкес,өлім себебі  қызғаныш болған. Одан кейін ол өз еркімен полицияға берілген.

Қорғаушы тарап бапты «ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына қайта саралауды талап етті, өйткені ол қылмысты жасау үшін өз баласын пайдаланған.

«Бала қазір әкесінің анасын өлтіруі үшін есікті өзі ашып бергенін түсінеді. Қыз бала ауыр психологиялық жағдайда. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр, біз ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі «Ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру» бабын қолдануды талап еттік, өйткені процеске бала тартылған», — деді адвокат Снежана Жукова.

Сот оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арыздарын қанағаттандырды. Сотталған адам туған қызына моральдық зиянды өтеу ретінде 20 миллион теңге, ал марқұмның ата-анасы мен бауырына 8 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға жатады.

Барлық жаңалық