Қоғам

«Үстінен поролон қаптай салған»: Бағым Мұхитденова 850 мың теңгенің билетін сынады

«Үстінен поролон қаптай салған»: Бағым Мұхитденова 850 мың теңгенің билетін сынады

14 тамызда Алматыда Канье Уэстің концерті өтуі тиіс еді. Алматыда жарық өшіп, ауа райы күрт бұзылғандықтан ұйымдастырушылар концертті 15 тамызға ауыстырды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Танымал музыкант Бағым Мұхитденова концертке енді қатыса алмайтынын айтты.

«Ертеңге ауыстыра салды. Кешірім де сұрамады. Ертең келіңдер деді. Менің билетім 850 мың теңге. Ал ертең ұшуым керек, қатыса алмаймын. Ұйымдастырушылар не ойлағанын білмеймін. Мына бағағаның орындары осы,  сары орындықтарды поролонмен қаптай салған»,- деді ол.

Концертті ұйымдастырған Данна Қарағұсова  бұл әрекетті түсіндіді.

«Кеше біз толықтай форс-мажорлық жағдайға тап болдық. Жалғыз мақсатымыз адамдарды стадионнан мүмкіндігінше жылдам әрі қауіпсіз алып шығу еді.Мұндай жағдайды алдын ала болжау мүмкін емес еді. Бұл сәтте басқару пульті артистің ұжымында болды, ал пультте отырған адам қолында бар нұсқаулықтары бар экрандарды барынша жылдам қосып жіберді.Қазақ тілінің болмауында ешқандай жаман ой болған жоқ, әрі бұл мәселені басқаша шешуге уақыт та тар еді.Төтенше жағдайда біз де, артистің ұжымы да ақылға қонымды әрекет етуге тырыстық. Ең бастысы — адамдардың қауіпсіздігі болды.Ешқандай құрметсіздік болмаған жерден, құрметсіздік іздемеулеріңізді сұраймыз»,- деді Қарағұсова.

Барлық жаңалық