Қоғам

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтамадым»: Ұлдана Мырзуанның анасы экс- күйеу баласының үйленуі жайлы айтты (ВИДЕО)

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтамадым»: Ұлдана Мырзуанның анасы экс- күйеу баласының үйленуі жайлы айтты (ВИДЕО)

23 жасында қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима журналист Руслан Есмағамбетовке сұхбат берді. Журналистке берген сұхбатында марқұмның анасы қызының қазасынан кейін туындаған дүние-мүлік дауы, 20 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтары және күйеу баласының қайта отбасын құруы туралы бар шындықты жайды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сұхбат барысында Ұлдананың анасы Сәлима күйеу баласы Әділеттің марқұм жұбайының қазасынан кейін 8 ай өтпей жатып қайта үйленгенін әлеуметтік желі арқылы білгенін жеткізді. Мұндай суық хабарды естіген ана түнде таң атқанша ұйқы көрмей, ауыр күйзеліске түскенін жасырмады.

«Мен оның үйленгеніне қарсы емеспін. Маған батқаны — оның аз уақыт ішінде қызымды ұмытып кеткені мен маған бір ауыз айтпай, адамгершілік танытпағаны. Сондағы «анаңыздай көремін» дегені қайда? Заң бойынша болса да, адамда адамгершілік қасиет болуы керек қой», — дейді ол.

Марқұмның анасын мазалаған негізгі сұрақтардың бірі — Ұлдананың артында қалған 20 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы төлемі мен мүлкіне қатысты болды. Анасының айтуынша, күйеу баласы нотариус арқылы құжаттарды алып, зейнетақы жинағын шұғыл түрде рәсімдеп алған.

Ұлдананың анасы күйеу баласының ең соңғы жазған: «Мама, бүгін тіліктің бәрін бітірейік, ертерек бітірейік» деген хабарламасын еске алды.Ол күйеу баласының зейнетақы жинағын ертерек алып, сол ақшаға жаңадан той жасауды жоспарлаған-жоспарламағанына күмән келтіріп, оның бұл әрекетін түсіне алмай дал болғанын айтты.

Барлық жаңалық