Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің бүгін өтуі тиіс концерті ертеңге ауыстырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Концерттің кейінге шегерілуіне қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болған. Бүгін Алматыны қатты нөсер басып, бірнеше ауданда ағаштар мен қоршаулар құлағаны хабарланды.
Бұған дейін қалада ауқымды электр қуатының өшуі де тіркелген еді. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты концертті өткізу уақыты өзгертілді.
Осылайша, Канье Уэсттің Алматыдағы көптен күткен концерті ертең өтеді.