Інжу ӨМІРЗАҚ
Білім және ғылым
Батыстан сабақ өтудің сан тәсілін әкелдік, бірақ тәрбие туралы бір сөз жоқ - Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ
22.02.2022
110
Білім беру саласындағы өзгерістер бойынша ozgeris.info порталының тілшісі ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Өмір Шыныбекұлымен сұхбаттасты.
-Мұғалімдердің жалақасы өсті. Алайда артылған жүк те көбейген секілді. Осы уақыт аралығында жалақы мен қоса мәртебе де қатар өсіп келе ме?
- Иә жалақы өсті. 2019 жылдың соңында «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.
Бірақ өкінішке қарай заң қабылданғанына 2 жылдан асса да, білім саласындағы көптеген басшылар бұл заңды әлі ашып көрмегеніне куә болып жүрміз..
-Министр білімі жоқ мұғалімдер балалармен жұмыс істемеуі керек деді. Алайда ауылдық, аудандық жерлерде санитар қызметкерлері сырттай бітіріп, факультатив сабақтарынан сағат алып сабақ беріп жүр деген сыбыс бар.
Мұндай дүниелерге шектеу расымен бола ма?
- Иә, сырттай оқып диплом алып мектептер мен бала бақшаларға жұмысқа кірген адамдардың қатары жетерлік. Мұндай жағдай әсіресе ауылды жерлерде кең етек жайған..
Қолдарында мемлекеттік үлгідегі дипломы бар адамды қалай шектейсіз? Шектеу мүмкін емес..
-Ал кейбір орта буындағы мұғалімдер біліктілікті тексеретін тест сұрақтарына наразы. Өйткені, қанша жыл тәжірибесі болса да, тест қиын екенін алға тартты.
Жалпы біздегі білім реформасын толығымен реттеуден өткізу қажет пе?
- Министріміз өте білімді, өте сауатты болғанымен Білім және ғылым министрлігінен шығып жатқан құжаттарда шикілік өте көп.
Соған қарағанда министрлікте министрге саботаж жасайтын қызметкерлер бар ма деген күдігім бар..
Иә, педагогтардың біліктілігін көтеру шарттары көңілге қонымсыз..
Біліктілік тесті теориялық білімі шамалы болса да, тест жаттауға қабілеттілер үшін өте тиімді болды. Көпке топырақ шашу ойымда жоқ. Арасында нағыз білгірлер бар.
Бірақ білім саласында 5-6 жыл ғана істеп, өзге ешбір жетістікке жетпесе де тест жаттағыш қабілетінің арқасында біліктілік санатын көтеріп жатқан мұғалімдер жетіп артылады.
Сатып алу туралы әңгіме бір бөлек. Шымкентте 300-ден аса мұғалім өз санатын жоғарылату заң бұзушылыққа барып, мемлекеттен төленетін үстемақы алып келгені анықталды.
Қазақстан бойынша ұсталмағаны қанша екенін бір құдай біледі..
Өз басым бала күнімнен жаттауға жоқпын..
Сондықтан тест тапсыру мен үшін өте ауыр...
Портфолионың жыры өз алдына бөлек әңгіме...
Әріптесінің грамота, алғыс хаттарына фотошоп арқылы өз аты-жөнін жазып, портфолиосына салып өткізіп жатқан мұғалімдер де бар деседі..
Өз еңбегімен алған марапаттары болса да білім басқармасы мен бөлімдерінің мамандарының қолдарына бірдеңе қыстырмағаны үшін біліктілік санатын көтере алмай қалған мұғалімдер туралы әлеуметтік желі беттерінен оқуға болады.
Бірақ оған назар аударып жатқан пенде жоқ.
-ҰБТ тапсырудың заңы жыл сайын өзгеруде. Биыл тексеріс камералары қатарға қосылды. Адалдықты, әділдікті негізі ҰБТ алдында емес, мектеп ішінен бастау керек секілді. Тым қатаңдату бала болашағына балта шабу емес пе?
- ҰБТ тапсыру тәртібі тым қатаң деп айтпас едім.
Бірақ сұрақтары туралы әңгіме жетерлік..
-“Атылған да біздің оқушылар, атқан да біздің оқушылар” деп жаздыңыз өз парақшаңызға. Қаңтар оқиғасы жайлы не ойлайсыз? Билік сабақ алып, реформа жасай алады деп сенесіз бе?
- Қаңтар оқиғасына дейін де полиция қызметкерлері бейбіт шеруге шыққан қарапайым азаматтарды жас-кәрі демей, арнайы көліктеріне қойдай тоғытып тығып жататын. Сол қызметкерлер де біздің мектептерде білім алды ғой..
Ал қаңтар қырғыны кезінде түсірілген бейнероликтерді қарап отырсаңыз, жап-жас жігіттер полиция қызметкерлерін аяусыз сабап жатқанын көрдік..
Бұл нені білдіреді?
Бұл біздің білім беру жүйесінің ауыр «кеселге шалдыққанын» білдіреді.
Батыс елдерінен сабақ өтудің сан түрлі әдіс-тәсілін әкелдік. Бірақ арасында тәрбие туралы бір сөз жоқ.
Мектептің басты функциясы тек оқыту емес, оқу-тәрбие екенін ұмыттық.
Қаңтар қырғынынан біздің биліктің сабақ алған-алмағанын президент Қ.Тоқаевтың наурыз айына жоспарлап отырған үндеуінде белгілі болады. Оған дейін бірдеңе деу артық..
-
Биыл Путин Қазақстанға келуі мүмкін12:33, 11 ақпан 2026
-
Алматыдағы колледжде мұғалім студенттің басына нысана қойып, от атқан12:29, 11 ақпан 2026
-
"Жаңа Конституция – жүйелі реформалардың жалғасы" - Саясаткер Эдуард Полетаев12:22, 11 ақпан 2026
-
"Нашақор болып кеткен бе?": Ерболат Құдайбергеннің ұсталған видеосы тарады (ВИДЕО)11:55, 11 ақпан 2026
-
Құлсарыдағы балтамен шабуыл оқиғасы: Оқушының анасы бар шындықты айтты11:22, 11 ақпан 2026
-
-
Қаладағы жаңа жылдық шыршалар мен сәндік нысандар кезең-кезеңімен алынып жатыр10:07, 11 ақпан 2026
-
Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жеңіске жетті09:39, 11 ақпан 2026
-
Шымкентте оқу-жаттығу жиынына барған полицей мүгедек болып қайтқан09:21, 11 ақпан 2026
-
11 ақпандағы ауа райы: қар мен жаңбыр күтіледі09:14, 11 ақпан 2026
-
"Жаныңыз жәннатта болсын": Тұрсынбек Қабатов жоқтау жазба жариялады14:59, 10 ақпан 2026
-
-
-
«Қызымды тексертемін»: Жазира Байырбекова көпшіліктен көмек сұрады05:58, 11 ақпан 2026
-
"Нашақор болып кеткен бе?": Ерболат Құдайбергеннің ұсталған видеосы тарады (ВИДЕО)11:55, 11 ақпан 2026
-
-
«Атымды тарихтан жойғысы келеді»: Алмас Кішкенбаев болашағына алаңдаушылық білдірді00:00, 11 ақпан 2026
-
Нұрлан Сабыровтың үстінен арыз түсті16:08, 10 ақпан 2026
-
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)15:13, 10 ақпан 2026
-
Алматыда 6 оқушы уланып қалды17:09, 10 ақпан 2026
-
"Жаныңыз жәннатта болсын": Тұрсынбек Қабатов жоқтау жазба жариялады14:59, 10 ақпан 2026
-
-
-
-
-
-
"Жап-жас, өте сұлу екен": Жазира Байырбекова болашақ құдағиымен кездесті (ВИДЕО)12:06, 10 ақпан 2026
-
-
"Ұлықпан әнімді иемденіп алды": Белгілі ақын бар шындықты айтып шамданды (ВИДЕО)11:24, 04 ақпан 2026
-
«Зерттеу жүргіздім»: Руслан Өтепбай Атырауға не себепті барғанын айтты00:00, 05 ақпан 2026
-
"Жарқын жүзін сағындым": Асанәлі Әшімовтің жары жан тебірентер жазба жариялады (ВИДЕО)15:30, 13 қаңтар 2026
-
«Аяғы ауыр сияқты»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)17:25, 16 қаңтар 2026
-
"Қимаймын, амал қанша": Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді (ФОТО)16:18, 16 қаңтар 2026
-
«Көріпкел, емшілер жаза бастады»: 156 келіге жеткен Рамазан Амантай шындығын айтты06:00, 27 қаңтар 2026
-
"Қаншама күнә жинады": Сара Назарбаеваға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)17:12, 14 қаңтар 2026
-
-
-
«Тағы бір қайғы»: Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы қара жамылды08:45, 26 қаңтар 2026
-
-