Шоу-бизнес

«Бақыттымын!»: Қайрат Нұртас танымал блогерге жүзік тақты

«Бақыттымын!»: Қайрат Нұртас танымал блогерге жүзік тақты

Танымал әнші Қайрат Нұртас қазақстандық блогерлермен бірге дастархан басында бас қосты. Кештен алған әсерін блогер Сымбат Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info

Блогер әншінің шығармашылығын бала кезінен тыңдап өскенін айтып, Қайрат Нұртаспен бір дастарханда отыруды көптен бері армандағанын жеткізді.

«Бұрынғы оқырмандарым менің Қайраттың қандай фанаты болғанымды біледі. 11 жасымнан әндерін тыңдап, Қайраттың суреті бар күнделік алып, осы кісіні бір көрсем ғой деп армандайтынмын. Бүгін міне, осы кісімен бір дастарханда отырып, өз қолынан сыйлық алдым. Ішімдегі кішкентай Сымбат бақытты», — деп жазды блогер.

Отырыс барысында түрлі ойындар ұйымдастырылған. Солардың бірінде жүргізуші Қайрат Нұртасқа Сымбатқа сыйлық беруін сұраған. Тіпті «зажигалкаңыз немесе шұлығыңызды беріңіз» деген ұсыныс айтылған.

Алайда әнші блогерге бұдан да ерекше сыйлық жасап, арыстан бейнеленген алтын жүзігін сыйға тартқан. Сымбат Қасымова қуанышын жасыра алмай, Қайрат Нұртасты құшақтап алған.

Бұл жағдай желі қолданушыларының да назарынан тыс қалмады. Көпшілік әншінің кеңпейілділігіне сүйсініп, «Қайрат мәрт жігіт екен», «Молодец, қарапайым, кеңпейіл екен», «Легенда ғой» деген пікірлерін жазды.

Ал кейбір желі қолданушылары мұндай сыйлықтың күйеуі бар әйелге жараспайтынын айтып, өз ойын білдірді. «Я сказала да» деген пікір де жазылды.

 

Барлық жаңалық