Бүгін, 23 қыркүйекте Тәжікстан аумағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, Астана уақытымен сағат 10:46-да (Гринвич бойынша 05:46) Тәжікстан аумағында жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі 37,90 градус солтүстік ендік, 71,93 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,7. Энергетикалық класы – K=11,35. Ошақтың тереңдігі – 190 шақырым.