🏛️ Саясат

Тоқаев Сауд Арабиясы Королін құттықтады

Тоқаев Сауд Арабиясы Королін құттықтады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ozgeris.info

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.

— Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.




Барлық жаңалық