Шоу-бизнес

«Ауыр тиді ме»: Тұрсынбек Қабатов тоқалын қолтықтап тойға барды

«Ауыр тиді ме»: Тұрсынбек Қабатов тоқалын қолтықтап тойға барды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы Алматыда өткен ұлан-асыр тойға қатысып, алған әсерін әлеуметтік желіде бөлісті. Сонымен қатар күйеуімен түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, думанды кеш таңғы сағат 7-ге дейін жалғасқан.

«Кеше Алматының төрінде ұлан-асыр той өтті. Қонақ болдық. “Той бітпесе екен” деп отырдық. Керемет өтті. Содан той таңғы сағат 7-де аяқталды ғой», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Кейін ол сөзін әркім әртүрлі қабылдайтынын айтып, оқырмандарына жауап берді.

«Не болды, ауыр тиді ме? Әркім өз деңгейінде қабылдайды, адамның іші қандай болса, сөзді де солай түсінеді. Бәрі құрысын, қазір қызық сұрақ қоямын. Дұрыс жауабын тапқан адамға өз қаласындағы концертке шақыру билетін беремін», – деді ол.

Барлық жаңалық