ӘншіГүлмира Ізбасхан сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі қазір сүйіктісі жоқ екенін айтып, алдағы бір-екі жылда тұрмысқа шықпаса, ЭКО арқылы ана болуды ойлап жүргенін жеткізді.
"Ана болу жайлы ойлап жүрмін. Қазір жүріп жатқан жігітім жоқ. Бірақ маған туу керек. Сүйектерің қата бастайды. Мен биыл немесе келесі жылға дейін тұрмысқа шықпасам, ЭКО-мен болсын бала тууым керек", - деді ол.
Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін ешкіммен жақын қарым-қатынаста болмағанын ашық айтты. Оның сөзінше, отбасындағы тәрбие де осы ұстанымға негізделген. «Қыз бала күйеуіне адал болып баруы керек, сонда ері де оны құрметтейді» деген түсінікпен өскенін айтты.