Қоғам

«Құдай сақтасын, бетін аулақ»: Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласуға қатысты пікір айтты

«Құдай сақтасын, бетін аулақ»: Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласуға қатысты пікір айтты

Мөлдір Әуелбекова мен продюсер Баян Алагөзованың арасындағы түсініспеушілік тағы да көпшіліктің назарын аударды,деп жазады Ozgeris.info

Бұған дейін Баян Алагөзова Threads желісінде дін тақырыбында жазба жариялаған. Ол дін мен оның насихатынан шаршағанын айтып, тозақ ұғымына қатысты өз пікірін білдірген.

Осыдан кейін Мөлдір Әуелбекова да дін тақырыбына қатысты пікір білдіріп, «Діни сауаты жоқ адамдармен дін туралы сөз таластыру бекер. Ислам мен радикалды ажыратуға да білім керек» деп жазды. Әнші Баянның есімін атамағанымен, желі қолданушылары бұл жазбаны оның пікіріне берілген жауап ретінде қабылдаған.

Жақында Мөлдір Әуелбекова ұстазымен татуласуына қатысты сұраққа “Құдай сақтасын, беті аулақ” деп жауап берген.

Айта кетейік, қос өнер иесінің арақатынасы бұған дейін де бірнеше рет талқыланған. Биыл Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдегеннен кейін, Баян Алагөзова оған ашық пікір білдірген.

Ал жуырда журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Баяннан Мөлдір Әуелбековамен қайта татуласуы мүмкін бе деген сұрақ қойылған. Продюсер бұған «Құдайға шүкір, жоқ» деп жауап берген.

Осылайша, қос өнер иесінің арасы әлі де түзелмегенін олардың соңғы мәлімдемелері көрсетіп отыр.

 

Барлық жаңалық