Қоғам

«Күйеуіңе жақсы жар бола алу керек»: Талғат Итаев бұрынғы әйелін меңзеді

«Күйеуіңе жақсы жар бола алу керек»: Талғат Итаев бұрынғы әйелін меңзеді

Талғат Итаев пен Айым Сейітметованың ажырасқаны туралы жаңалықтан кейін кәсіпкердің әлеуметтік желідегі жазбасы оқырмандардың назарын аударды, деп жазады Ozgeris.info

Желі қолданушыларының бірі Талғат Итаевтың қазіргі келбетіне қатысты пікір білдіріп, оның шашы қалыңдай түскенін жазған.

Оған жауап берген Итаев: «Күйеуіне жақсы әйел болу керек, шаштың қатысы жоқ», – деп қысқа пікір қалдырды.

Бұл жауап әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбір оқырман оның сөзін бұрынғы жары Айым Сейітметовамен арадағы қарым-қатынасына қатысты ишара ретінде қабылдады.

Айта кетейік, Айым Сейітметова мен Талғат Итаевтың ресми түрде ажырасқаны тамыз айында белгілі болды. Айым олардың некесін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар болғанын айтқанымен, оның нақты себебін жария етпеді. Ол бұрынғы жұбайымен сыйластықты сақтап, ортақ қыздарының ата-анасы ретінде қарым-қатынасты жалғастырғысы келетінін жеткізген.

Барлық жаңалық