Шоу-бизнес

«Ұлдарына мың теңге де бермейді»: Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі ашынды

«Ұлдарына мың теңге де бермейді»: Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі ашынды

Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі Фариза Бекібай әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің балаларына қаржылай көмек көрсететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Оның айтуынша, алиментті тұрақты түрде алу қиын. Кейде бірнеше ай бойы төлем түспейтінін айтқан ол, балалардың барлық қажеттілігі өз мойнында екенін жеткізді.

«Алимент алу қиынның қиыны. Бірде көл, бірде шөл. Міне, төрт ай алмадық. Тіпті өзі салмайынша сұрамаймыз. Балалардың емі, дәрісі, сабаққа киетін киімі – бәрі менің мойнымда.

Балам мың теңге сұраса да, "жоқ" дейді. Намыстанып, сұрама деп ұрысамын. Кейде менен тығылып сұрайды, телефонынан көріп қоямын. Екеуі де өзіммен еріп келген бала сияқты», – деп жазды Фариза Бекібай.

Ол әкесі тарапынан балаларға күнделікті қажетті заттарды алып беру, ем-домына көмектесу секілді қолдаудың маңызды екенін атап өтті.

«Негізі, балаларды асырау оның да мойнында ғой. Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін. Басқа уақытта керім болып киініп жүргенше, алименті мен балаларына киім-кешек, еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой, шіркін!

Балаларды бір рет те қыдыртпаған. Үлкенін осы жазда ғана алып кетті. Қалған уақытта қолымызды жаймаймыз. Күніміз соған қарамасын. Алла әділ», – деді ол.

Барлық жаңалық