Жаңалықтар

Балалар қауіпсіздігі мәртебеден тыс: Жаңа адамдар Таразда әлеуетті педофилді әшкереледі

Балалар қауіпсіздігі мәртебеден тыс: Жаңа адамдар Таразда әлеуетті педофилді әшкереледі

Жаңа адамдардың 124 азаматтық науқаны екі жылдан астам уақыт бойыбалалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жұмыс жасап, болжалды педофилдерді анықтап келеді. 

Бір жылдан астам уақыт бойы Қозғалыс қызметі құқыққорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта және қатаң құқықтық аясында жүргізіледі. Барлық материалдар полицияға тапсырылып, кейінгі үдерістікшешімдерді өкілетті органдар қабылдайды. Тәжірибе көрсеткендей, қауіп төндіруі мүмкін адамдар әртүрлі жаста, әртүрлі мамандықта және әлеуметтік мәртебеде болуы мүмкін. Сырттай өзгелерден айтарлықтай ерекшеленбейді. Әрбір оқиға кең қоғамдық резонанс тудырады. Әрбіросындай оқиғаның артында балалардың тағдырын қорғау мақсаты тұр.

Десек те ,Таразда болған жағдай қалыпты кейстер аясынан шығады. Белсенділер 12 жасар қыздың аккаунтын құрды. Оған алғашқы хабарламаларынан-ақ әрекеттері құқыққа қарсы сипатқа ие ер адам байланысқа шықты. Ол «жедел 50 мың теңге табуды» ұсыныс жасап, кәмелетке толмаған бала қатысқан порнографиялық видеосын жіберді және бейнежазбадағы баланың 13 жаста екенін атап, көргенін қайталауды ұсынды. 

Қыздың жасы — 12-де екенін бірнеше рет ескертілсе де, ол «қызды» интимдік әрекеттер жасауға үгіттеуді жалғастырды, ашық фото мен видеолар талап етіп, жеке кездесуге шақырды. Оқиға орнында оны белсенділер күтіп алды. Болжалды қаскүнем өзін сенімді ұстап, қыр көрсетті.

Ол қателік болды деп ақталуға тырысты, «жай таксижүргізетінін» айтып, «қызметкермін» деп мәлімдеді: «Өзім сотрудникпін,жігіттер», — деп өзін ұстауға келген полицияға сенімді түрде айтты. Анонимділік бетпердесі шешілген соң оның екпіні өзгерді. Ақталуға және кешірім сұрауға әрекеттер жасады.

Болжалды қаскүнем 2003 жылы туған Дастан К. екені анықталды. «Заң және тәртіп » қағидасы ештеңеге қарамастан бәріне бірдей. Қозғалыс оқиға орнында болған полиция қызметкерлеріне айрықша алғыс білдіреді: қастық ойлаушының мәртебесіне қарамастан, олар кәсіби түрде, қатаң заң аясында әрекет етті. Қызметкердің біреуінің сөзі ерекше көзге түсті: «Маған разница ЖОҚ», —бұл жеке факторлар мен мәртебенің қызметтік міндеттемені орындау барысына әсер етпейтінін көрсетеді. Олар күдіктінің лауазымы жұмыс барысына әсер етуіне жол бермеді және материалдарды қылмыстық кодекстің толық қатаңдылығымен Сотқадейінгі алдын ала тергеу бірегей тізіліміне жолдады. 

Бұл «Заң және тәртіп»қағидасы — заманауи қоғамның негізі ретінде бәріне бірдей қолжетімдіекендігінің жарқын мысалы. 124 азаматтық науқаны әлеуетті педофилдерді олар кім болып жұмысістесе де, анықтап, әшкерелеуді жалғастырады. Заң алдындағы теңдік, жазаныңбұлтартпастығы, жоғары құқықтық мәдениет — әділетті қоғамның негізі.

Барлық жаңалық