Танымал шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол Мөлдір Мұқанның берген сұхбатында айтқан сөздерін жоққа шығарды.
"Ардақты ағайын, Мен балдарымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балдарыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балдарым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!", - деп жазды ол.
Айта кетейік, күні кеше Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова ресми түрде ажырасқанын айтқан еді. Оған 14 жыл бойы көңілдесімен бірге болғаны себеп болған.