Астанада «КазПолимерСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты құрылыс нысанында 17 жастағы жасөспірім опат болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім қосымша табыс табу мақсатында құрылыс жұмысына жалданған. Ол ор қазу кезінде үстіне бетон тақта құлап, оқиға орнында көз жұмған.Марқұмның туыстары бұл жағдайдың мән-жайына күмәнмен қарап, тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде. Анасының айтуынша, оқиға кезінде КамАЗ жүргізушісі мен кран операторы есірткі әсерінде болған.
Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.Қайғылы жағдайдың ерекшелігі жасөспірімнің бұл жұмысқа шыққан алғашқы күні-ақ қаза табуы.