Қоғам

Астанадағы №1 балалар ауруханасында өрт шықты

Астанадағы №1 балалар ауруханасында өрт шықты

Елордадағы Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан көпбейінді балалар ауруханасынан түн ішінде өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Қалалық әкімдік өкілдері бұл жағдайдың 11 сәуір күні болғанын мәлімдеді. Түнгі сағат 22.48 шамасында аурухана бөлмелерінің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсіп, құтқарушылар оқиға орнына 7 минутта жеткен. Жалын көп ұзамай сағат 23.08-де толық ауыздықталды.

«Шұғыл қызметтер мен медицина мамандарының жедел әрекет етуінің арқасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ жауапты мамандар ауруханада ем қабылдап жатқан балалардың көрші ғимаратқа аман-есен ауыстырылғанын жеткізді.

Барлық жаңалық