Жаңалықтар

"Астана – Петропавл" тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

"Астана – Петропавл" тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Бүгін, 2026 жылғы 16 ақпанда Астана – Петропавл тас жолында жол апаты болды. Апат орнынан куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Өңір полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тас жолдың 289-шы шақырымында Lexus және Lada-21705 маркалы автомобильдер соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция департаменті жүргізушілерге, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін сақтауды және көлік құралдарының техникалық жай-күйін жіті назарда ұстау қажеттігін еске салады", - деп хабарлады. 
Барлық жаңалық