Проф. Ж.О.Артықбаев
📰 Сарапшылар пікірі
“Әр қазақ менің жалғызым” деген ұран жылауықтарға жарасады
15.02.2022
164
Осы ұранның шыққанына оншақты жыл болды ғой деймін, әуел бастан маған ұнамады. «Әр қазақ менің жалғызым» деу этнография ғылымында аборигендік сананың көрінісі болып табылады, саны аз, мемлекеті жоқ, жылауық этностарға жарасады.
Қазақтың да ішінде жақсы, жаманы болады деп, жүздеген мысал келтіріп «Жақсы мен жаманды» жаздым. Сонда да қазақ қоймайды !
Назарбаевты да қалмақ деу, бір қазақтың жамандығы білінсе оның арғы тегін іздеп, оның шешесі орыс, қатыны жебрей т.б. деу бізге әдет болып кеткен.
Мына қаңтар қырғыны, одан кейін басталған азаптауды көрген соң, енді ғана ойлана бастағандай біздің халық. Әйтпесе қазақтың бәрі жақсы, жалғыз болып жүр едік.
Қазақ дүниежүзіндегі толып жатқан басқа этностар сияқты жақсысы да, жаманы да, тіпті азғыны да өз ішінде жетерлік халық.
Соңғылары туралы әңгіме бөлек, оны жеке жазамыз.
Біздің ата-бабамыз Жақсы мен жаманды бетіне айтты, салыстырып шығарған мыңдаған ғақлия сөздерімен мықты болды.
Жырауларымыз хан-сұлтан, ірі батыр-билердің мінін бетіне басып, халықтың ортасына-қазға саламын деп қорқытумен мықты болды.
Қазақ өзінің жаманынан өзгенің жақсысын артық көрген халық, соның арқасында біздің санымыз өсті, сапамыз жоғары болды.
Ел дұрыс болуы үшін оның дүниетанымында жақсы мен жаманның анықтамасы дайын тұруы керек.
Ақылдыны –ақылды, есалаңды- есалаң деу керек, әр отбасынан, мектептен бастап осыны үйрету керек. Халық ағза болатын болса, оның құрылымы болуы заңды, ал ол құрылымның әр элементі дұрыс аталғаны қажет.
Өз қалтаңнан, өз отбасыңнан аспадың ба, топтың ортасына кірмедің бе, халықтың мұңын жоқтамадың ба, онда сен жамансың.
Жаныңды жалдап, биліктің босағасына телміріп, жағымпазданып, ләббай деп мың құбылып, қызмет іздеп, күштінің алдында жағымпазданып жүрсің бе, онда сен жамансың ! Егер ел жақсы мен жаманды айырмаса ол таяу арада елдіктен қалады.
Әр қазақ менің жалғызым емес, жақсы қазақ менің жалғызым!
-
-
Мәскеудегі салтанатты шеру: Қызыл алаңдағы парадты Павлодарлық генерал басқарды16:30, 09 мамыр 2026
-
Таза ауа үшін күрес: Амстердам билігі зиянды жарнамалардың жолын кесті15:44, 09 мамыр 2026
-
Құрылтай және жаңа ережелер: Тамыз айындағы сайлау алдындағы маңызды қадамдар14:44, 09 мамыр 2026
-
-
Мәңгілік алау басындағы тағзым: Қызылордада Жеңіс күні қалай өтті13:06, 09 мамыр 2026
-
-
Forbes 2026: Назарбаев әулетінің байлығы қалай өзгерді?11:17, 09 мамыр 2026
-
-
Британ саясатындағы серпіліс: Қазақстан тумасы Лондонның белді ауданына мэр болды09:36, 09 мамыр 2026

"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді (ВИДЕО)17:03, 04 мамыр 2026
-
-
-
-
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-