Қоғам

Леңгірде пышақталған жігіт табылды: Күдікті ретінде оқушы қамауға алынды

Леңгірде пышақталған жігіт табылды: Күдікті ретінде оқушы қамауға алынды

Түркістан облысының Леңгір қаласындағы қараусыз қалған ғимараттан пышақталған 21 жастағы жігіттің мәйіті табылып, қылмысқа қатысты мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, ауыр қылмысқа жақында ғана 9–сыныпты бітірген кәмелетке толмаған қыз бала күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жастардың арасында нақты қандай жағдай болғанын анықтап жатыр.

«Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды және қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық