Оқиға таңда тіркелді. Алдымен газ құю бекеті жанып, кейін жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Қазір бұл бағыттағы жол жабық тұр.
Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабында болды.
- Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өртті сөндіруге ТЖД, ЖҚЖ және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері мен 16 техникасы жұмылдырылды.