Жаңалықтар

Ақтауда жол апатына ұшыраған полиция қызметкері қаза тапты

Ақтауда жол апатына ұшыраған полиция қызметкері қаза тапты

Әлеуметтік желілерде Toyota Camry көлігі мен құрылыс алаңында тұрған жүк тиегіштің соқтығысуы салдарынан полиция қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұл деректі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Полиция департаменті өз қызметкерінің қатысуымен болған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Ол демалыста, қызметтен тыс уақытта болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұмның бойында алкогольдік немесе есірткілік масаңдық белгілері анықталған жоқ", – деп мәлім етті өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық