Ақмола облысы

Ақмола облысында жүк пойызы трактормен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Ақмола облысының Жарқайың ауданында өткен сенбі, 30 тамыз күні жүк локомотиві трактормен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

 

Қайғылы жағдай Кенск ауылына жақын теміржолдың 76-шақырымында орын алған. Оқиға салдарынан ауыл шаруашылығы техникасының жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

 

Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай қызметінің өкілдері келді. Апаттың себептері анықталып жатыр.

 

«Бұл жол-көлік оқиғасы қаза тапқан трактор жүргізушісінің кінәсінен болған. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады», — деп хабарлады Жарқайың ауданы әкімдігі.

Барлық жаңалық