Қоғам

Алтынай Жорабаева жақында құдағи атанады

Алтынай Жорабаева жақында құдағи атанады

Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева қызының тұрмысқа шығатынын мәлімдеп, жақында құдағи атанатынын сүйіншіледі, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, болашақ құдаларымен дастарқан басында кездескенін жазды.

Әнші баласының қуанышы ата-ана үшін үлкен бақыт екенін айтып, өмірінде жаңа кезең басталғанын жеткізді.

«Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышы, ата-ана үшін мың есе қуаныш қой. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір. Өміріміздің “ ҚҰДА-ҚҰДАҒИ “ деген асуы басталғалы жатыр, бұйырса», - деп жазды ол.

Барлық жаңалық