Алматының Алмалы ауданында түн ішінде ірі өрт шығып, қоймалар өртенді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға Жамбыл көшесінде орналасқан серіктестіктердің бірінің аумағында болған. Түнде «112» қызметіне қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірінің үстіне бірі екі қабат етіп орналастырылған контейнерлерден жасалған қоймалардың отқа оранғанын анықтаған. Өрт жақын маңдағы екі қабатты әкімшілік ғимараттың бір бөлігіне де таралған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру кезінде бірқатар қиындық туындаған. Қоймалар ішіндегі жоғары температура, сақталған заттардың көп болуы және өрт ошағына жетудің қиындығы құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірген.
Дегенмен өрт сөндірушілер жалынды толықтай сөндірді. Өрт 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.