Қазақстанның Халық әртісі, қазақ эстрадасының танымал өкілі Мақпал Жүнісова жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Politico.kz порталына сілтеме жасап.
62 жастағы өнер иесі 2026 жылғы 8 наурызда Алматы қаласындағы Республика сарайы сахнасында өтетін қос концертінің билеттері түгелдей сатылып кеткенін айтты.
«Аллаға шүкір, 8 наурыздағы екі концертке де билет қалмады. Барша жанкүйерлеріме зор алғыс! Аман-сау жүздескенше, қадірлі қауым!» – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары бұл хабарды жылы қабылдап, Мақпал Жүнісоваға шығармашылық табыс тілеп, алдағы концерттердің сәтті өтуіне ниет білдірді.
Сондай-ақ соңғы уақытта өнер иесіне қатысты «Мені қорқытып жатыр» деген мәлімдеме мен Абай Бегей тарапынан жасалған тосын сый туралы жаңалықтар да көпшіліктің назарын аударды.